Новости
Сүт безінің қатерлі ісігі туралы
18.10.2017

Сүт безінің қатерлі ісігі туралы

Қазіргі таңда сүт безінің қатерлі ісігі жалпы қатерлі ісіктер ішінде бірінші орын алып отырғаны белгілі. Бұл аурудың көбеюінің негізгі себебі сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларының уақытында анықталып, тиісті емдеу шараларының жүргізілмеуі болып табылады. Тұрғындар арасында жиі кездесетін аурулардың алдын алу мақсатында денсаулық сақтау министрлігінің арнаулы бұйрығы бойынша жыл сайын Қазақстан халқына скринингтік тексерулер жүргізіледі. Көп жылдық тәжірибе скринингтік тексерулердің сүт безінің әртүрлі ауруларын анықтауға өте тиімді екенін көрсетуде.

Қай ауру болмасын ерте анықтап, емді дер кезінде жүргізсе, нәтижесі де соғұрлым жақсы болмақ.

Сүт безінің қатерлі ісік ауруын емдеуді аурудың I-ші немесе II-ші сатысында жүргізсе науқастардың шамамен 90-100% толық қанды жазылып шығады, аурудың III-ші сатысында бұл көрсеткіш 70-80% дейін төмендейді.

Ал аурудың II-ші сатыдан III-ші сатыға ауысуы 1 айдың көлемінде жүзеге асырылады. Осыдан ақ емдеу нәтижесінің жақсы болуы үшін ауруды ерте анықтаудың қандай маңызды екеніне көз жеткізуге болады.

Қазіргі таңда скринингтік тексерулердің нәтижесінде сүт безінің қатерлі ісік ауруларды 90% шамасында ерте анықталып, толық емделіп шығуда.

Айта кететін бір жәйт әлі де болса кейбір адамдардың өз денсаулығына деген немқұрайлығы және жауапсыздығы.

Кейбір әйелдер скринингтік тексерулерден бас тартып жатса, кейбіреулері анықталған аурулары бойнша, әрі қарай тексерулерден өтуге және емделуден үзінді-кесілді бас тартып жатады.

Осы бастартулар кейіннен орны толмас өкінішке айналатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Аталған ауруға қарсы күресті пәрменді жүргізу мақсатында бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына сәйкес 2017 жылдың қазан айының 16-мен 25-і аралығында әйелдердің денсаулығын қорғау мақсатында сүт безінің қатерлі ісігін дүниежүзілік хабардар ету күні шеңберінде онкүндік өткізіледі.

Осыған сәйкес қалалық денсаулық сақтау мекемелерінде «ашық есік» күндері өткізіліп науқастарды қабылдау және клиникалық тексерулер ақысыз-құлсыз тегін және кезектен тыс жүргізіледі.

Қала тұрғындарына мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамыз.

 

КМК «Жезқазған қаласының емханасы»

Онколог дәрігері  Канапин Токен Канапьянович