Бұлмаңызды, әрбірадамбілуітиіс: тікішекобырыжәнетиімдіәдістерінанықтау (скрининг)

Бұлмаңызды, әрбір адам білуі тиіс: тікішекобыры және тиімді әдістерінанықтау (скрининг)

Эпидемиологиялық зерттеулер деректері бойынша,соңғы он жылдықта көптеген өркениетті елдерде тоқ ішектің қатерлі ісігімен халықтыңсырқаттану көрсеткіштерініңүздіксіз артуы байқалады.

Бүгінгі таңда Еуропа, Азия, Американың көптеген елдерінде тоқ және тік ішектердің қатерлі ісіктері асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісіктері арасында бірінші орын алады, ерлер қатерлі ісіктері(бронх-өкпе обырынан кейін) екінші жиілікте және әйелдерде (бронх-өкпе қатерлі ісігі және сүт бездері обырынан кейін) – үшінші жиілікте. Болжам бойынша,әлемде колоректалдықатерліісігі жағдайларының абсолюттік саны келесі екі онжылдықта тұтастай алғанда, халықтың өсуі және оның қартаюы нәтижесінде дамыған және дамушы елдерде ұлғаюы ықтимал.

Колоректалды қатерлі ісікерлер мен әйелдер арасындағы қатерлі ісіктерден өлім бойынша екінші орын алады. Көбінесе колоректалды қатерлі ісігі тоқ ішектің аденомасынан туындайды, және жекелеген жағдайларда емделушілерде полипоздың генетикалық детермининалды синдромы немесе ішектің қабыну аурулары бар жағжайында.

Колоректалдықатерді ісгініңдамуы үшін ең маңызды факторларымыналар болып табылады:

  • Жасы: колоректалды қатерлі ісігі бар науқастардың көбі 50 жастан жоғары
  • Полиптер немесе ішектің қабыну аурулары (созылмалы жаралы колит немесе Крон ауруы)
  • Отбасылық колоректалды қатерлі ісігі ауруларыңың тарихы (отбасылық аденоматозды полипоз)
  • Жоғары құрамды қызыл немесе қатты өңделген етпен тамақтану, әсіресе өте жоғары температурада дайындалған кезде
  • Артық салмақ
  • Төмен дене белсенділігі
  • Темекі немесе алкогольді шамадан тыс пайдалану

Жынысына қарамастан колоректалдықатерлі ісгінің дамуында адам жасы маңызды қауіп-қатер факторы болып табылады. 50-жастанкейін аурушаңдық 100 мың тұрғынға бөліп шаққанда 8-ден 160 қа дейін көбейеді.Осылайша, 50 жасқа жеткен адамдар, тіпті симптоматикасы болмаған жағдайда,колоректалды қатерлі ісгі дамуының орташа кауіп-қатер тобын құрайды.

Колоректалды обыры скринингі дегеніміз не және оны қалай өтуге болады?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры,Қарағанды облысында және бүкіл Республика бойынша iFOBТ тест және жаппай колоноскопия -  нәжісті жасырын қанға зерттеу әдісін пайдалана отырып колоректалды обырының популяциялық скринингі өткізілетінінеске салады», - деді «Әлеуметтік  медициналық сақтандыру қоры»КАҚ  Қарағанды  облысы  бойынша филиалының директоры Фазыл Қопобаев.

Мақсатты топ: 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, колоректалды қатерлі ісік және тоқ ішектің полипозы жөнінде диспансерлік есепте тұрған адамдарды қоспағанда. Скринингтен өту интервалы – 2 жылда1 рет. Нысаналы топтыңбарлық ерлері мен әйелдеріне экспресс-әдіспен нәжісті жасырын қанға иммунохимиялық зерттеу жүргізеді.Бұл медициналық қызметкер қатысуынсыз 3-5 минут ішінде нәтиже алуға мүмкіндік береді.Тесттібағалауды медицина қызметкері ғана жүргізеді! Оң сынама МСАК дәрігерімен тексерілуі тиіс. Гемокульт-тест жүргізу үшін зерттелетіндерді шақыру, мақсатты топтыңтізіміне сәйкес, учаскелік медбикемен жүзеге асырылады. Тест,оны өткізудің толық нұсқаулығы пациенттің қолына беріледі.

Гемокульт-тестті науқастың өзі жүргізеді, көбінесе үй жағдайында.Скринингті енгізудіңалғашқы кезеңдерінде, зерттелетін адам материалдымедициналық ұйымғаәкелгенкезде, тест дәрігерге дейінгі кабинетінің жағдайында өткізілуі мүмкін.Бұл халықтың скринингті белсенді өткізуін көздейді: дұрыс материал алуға байланысты нәтиже.Сондықтан, нұсқаулық бойынша гемокульт-тестті дұрыс жүргізугеерекше назар аудару керек.Нәтижесі оң болған жағдайда, учаскелік медбике зерттелететін адаммен одан әрі эндоскопиялық зерттеу қажеттігі туралы қайтадан нұсқаулық өткізеді.

Нәжісті жасырын қанға талдау оң болған жағдайында бүкіл тоқ ішекке эндоскопиялық зерттеу жүргізіледі.

Осы скрининг пациенттер үшінтегін, сондықтан, егер Сіз 50-70 жасқа дейін жас санатына кіргенде, Сіз өз денсаулығыңызға және өз ата-анаңыздың денсаулығына немқұрайлы қарамайтын болсаңыз, егер учаскелік дәрігердің шақыруын алсаңыз, онда Сіз тіркелген емханада  мемлекеттік бағдарламасы аясында скринингке қатысуыңызға болады.

 

Дәрігер онколог Канапин Т.К.

Жезқазған қ. Емхана